6 марта в Шанхае завершилась вторая международная конференция Chinese Grains & Oils Congress 2026, собравшая ключевых участников аграрного и масложирового рынков.
Іс-шараның қорытынды кезеңі Қытайдың ең ірі агроөнеркәсіптік холдингтерінің бірі әрі халықаралық Wilmar International корпорациясының құрамына кіретін Yihai Kerry компаниясының өндірістік базасында өткен Қазақстан мен Қытай өкілдерінің кездесуі болды. Бүгінде компания Қытайдың стратегиялық маңызы бар өңірлерінде орналасқан 100-ден астам өндірістік кәсіпорынды басқарады.
Кездесуге екі елдің салалық қауымдастықтарының, бизнес құрылымдарының және кәсіби ұйымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қытайдың Өсімдік майларын өндірушілер қауымдастығының басшылығы, Yihai Kerry компаниясының топ-менеджменті, сондай-ақ Қазақстанның Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының (NOPA) және еліміздің ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының өкілдері болды.
Кездесу барысында қатысушылар конференцияның қорытындыларын шығарып, Қазақстан мен Қытай арасындағы май өнімдері саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Әсіресе жеткізілім көлемін ұлғайту, өсудің жаңа мүмкіндіктерін айқындау және саудадағы қолданыстағы кедергілерді жою мәселелеріне ерекше назар аударылды.